Абай облысыҚоғамҚұқықбұзушылықТОП

Абай облысының полицейлері дизель отынын заңсыз тасымалдауды анықтады

Абай облысының полицейлері дизель отынын заңсыз тасымалдаған жүргізушіні ұстады, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Патрульдік полиция ротасының қызметкерлері түнгі сағат 03:30-да Омбы – Майқапшағай тасжолының 829 шақырымында Көкпекті ауданының 44 жастағы тұрғынының басқаруымен ГАЗ-27390 автомашинасын құжаттарды тексеру үшін тоқтатты.

Одан әрі тексеру барысында жүргізуші өз көлігінде жалпы көлемі шамамен 2 тонна 600 литр дизель отынын жүкке тиісті құжаттарсыз тасымалдағаны анықталды.

44 жастағы заң бұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 571-бабының 3-бөлігі (Жолаушыларды, багажды және жүктерді тасымалдау қағидаларын бұзу) бойынша әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған жолаушыларды, багажды және жүктерді тасымалдау қағидаларын бұзғаны үшін әкімшілік хаттама жасалды.

Осы баптың санкциясымен жеке тұлғаларға – он, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – 15, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 20, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне-елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

Отын-энергетика саласындағы қылмыстардың алдын алу, анықтау және жолын кесу жөніндегі тексерулер тұрақты негізде және жедел-іздестіру іс-шаралары шеңберінде жүргізіледі

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button