Абай облысыҚоғамОқиғаСемейТОП

Абай облысына келіп түскен гуманитарлық көмек жеткілікті

Еліміздің және облыстың барлық өңірлерінен азық-түлік пен қажетті заттар әкелінуде. Орман өрті оқшауланғандықтан, қазіргі кезде азық-түлік толық жеткілікті, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Осындай ақпарат гуманитарлық көмекті сақтау қоймасын тексеру барысында берілді.

Мысалы, тек ауыз су 30 мың литрден асып түсті. Сондай-ақ, 2 тоннадан астам ет және 44 тонна ұн, макарон, күнбағыс майы, консервілер мен шұжықтар, сүт, шай, кондитерлік өнімдер сияқты азық-түліктер жеткізілді.

– Құрметті жерлестер, ТЖ кезінде Абай облысына көмек қолын созғандардың барлығына рақмет. Біздің облысымыздың әрбір ауданы, еліміздің әрбір облысы қол ұшын созып, бізге көмек көрсетті. Бүгін өрттің беті қайтқан кезде баршаңызға үлкен алғысымызды білдіреміз және азық-түлік пен бірінші кезекте қажетті заттарды қабылдау тоқтатылатынын жариялаймыз, – деді облыстық мәслихат төрағасы Қуаныш Сүлейменов.

Бұл ретте тез бұзылатын өнімдер бірінші кезекте далалық асүйлерге жіберіледі және өрт сөндіруге тартылған – өрт сөндірушілер, орманшылар, әскери қызметкерлер және табиғи апатты жоюға басқа да қатысушылар үшін дайындалады. Қазіргі уақытта қоймаларда ұзақ сақтау мерзімі бар азық-түлік ғана қалды.

– Әкелінгеннің бәрі қоймаларда, бұл мәселемен «Ақ Ертіс» қоры айналысады. Барлық өнімдер тізімдемемен қабылданып, беріледі. Жақын күндері бұл азық-түліктер өрт сөндірушілер мен әскерилерге жеткізілетін болады. Егер қандай да бір өнімдер қалса, арнайы комиссия бұл өнімдерді Бородулиха ауданына, мүмкін балалар үйіне таратады, – деп атап өтті Қуаныш Сүлейменов.

Сондай-ақ, қажетті тауарлар: гигиена құралдары, бір реттік ыдыс-аяқ, шұлық, қолғап және футболкалар қамтамасыз етілді.

Гуманитарлық көмекті жинау мен бөлуді үйлестірумен «Amanat» партиясы, еріктілердің Ұлттық желісі, сондай-ақ «Ақ Ертіс» қоғамдық қоры айналысты. «Ақ Ертіс» қоғамдық қорының негізгі мақсаты қайырымдылық, қайырымдылық және гуманитарлық көмек түрінде берілетін қаржыны шоғырландыру болып табылады.

Қордың Қамқоршылық кеңесінің құрамына тиісті құзыреті мен тәжірибесі бар өңірдің беделді қоғам қайраткерлері кіреді.

«Бүгінгі таңда көмек көрсету үшін арнайы шотқа жеке және заңды тұлғалардан 500 млн. теңгеден астам қаражат түсті. Біз қол ұшын созып, көмек көрсеткен барлығына шын жүректен алғыс білдіреміз және келіп түскен көмекті бөлу жұртшылық өкілдері мен басқа да мүдделі тұлғалардың қатысуымен комиссиялық және ашық түрде жүзеге асырылатынына сендіреміз», – делінген өңір әкімдігінің ақпаратында.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button