
Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің 2013 жылғы 6 желтоқсандағы № 250 «Мерейлі отбасы» Ұлттық конкурсы туралы» өкімін орындау мақсатында облыста «Мерейлі отбасы» Ұлттық конкурсының 1 кезеңінің басталуын хабарлаймыз.
Конкурсты өткізудің мақсаттары отбасы институтын нығайту, ата-аналардың бала тәрбиелеудегі жауапкершілігін арттыру, отбасылық құндылықтарды насихаттау, қазақстандық отбасының жағымды имиджін насихаттау болып табылады.
Конкурс Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында ашық нысанда өткізіледі.
Конкурсқа қатысуға отбасы мүшелерінің еңбекте, спортта, шығармашылықта, зияткерлікте, ғылымда жоғары жетістіктері бар отбасылар жіберіледі.
Конкурс үш кезеңде өткізіледі. Бірінші кезең – қалалық, екінші – облыстық, үшінші – ұлттық.
Конкурсқа қатысуға өтінім қалалық комиссияға келесі құжаттармен бірге беріледі:
- ата-аналардың (қорғаншылардың, қамқоршылардың) жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелері, балалардың туу туралы куәліктерінің көшірмелері;
- асырап алушы (қорғаншы) отбасылар үшін – жергілікті уәкілетті органның кәмелетке толмаған балаға қорғаншылықты (қамқоршылықты) белгілеу туралы шешімінен үзінді көшірме;
- неке қию туралы куәліктің көшірмесі (бар болса);
- ата-аналарының біреуі қайтыс болған жағдайда, қайтыс болу туралы куәліктің көшірмесі – бар болса;
- балаларды тәрбиелегені үшін алған көтермелеулердің, белгілі бір жетістіктері үшін алған көтермелеулердің бар екенін куәландыратын құжаттардың көшірмелері;
- балалардың, ата-аналардың (қорғаншылардың, қамқоршылардың) жұмыс (оқу) орнынан анықтамалар және мінездемелер;
- ұсынымдар (әріптестерінің, көршілерінің, достарының);
- отбасы мүшелерінің еңбектегі, спорттағы, шығармашылық, зияткерлік, ғылыми жоғары жетістіктерін куәландыратын құжаттардың көшірмелері.
Ұсынылатын құжаттардың көшірмелерін үміткерлер ұсынған түпнұсқалар негізінде қалалық комиссияның төрағасы куәландырады.
Ұлттық конкурсқа қатысуға ниет білдіргендер өтінімді 2021 жылдың 15 маусымына дейін ішкі саясат бөліміне Қайым Мұхамедханов көшесі, 8, 310 каб. қабылданады немесе электрондық semey.sayasat@gmail.com мекен-жайы бойынша жолдауға болады.
Анықтама телефондары: 52-23-25, 52-35-73
Semey News