Абай облысыҚоғамОқиғаТОП

Абай өңіріндегі өрт: Алматы мен Қарағанды облыстарының құтқарушылары үйлеріне қайтты

Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпхановтың өкімі бойынша Алматы және Қарағанды облыстары Төтенше жағдайлар департаменттерінің күштер мен құралдар топтамалары тұрақты жұмыс орындарына қайтты, – деп хабарлайды Semeynews.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Сырым Шәріпханов өрт сөндірушілерге көрсеткен ержүректілік пен батырлық, жоғары кәсібиліктері үшін алғыс білдірді.

Табиғи өрт орнында одан әрі қарауылдау жұмысын Экология және табиғи ресурстар министрлігінің орман өрт станциялары, ТЖМ өрт сөндіру бөлімшелері және әуе кемелері қамтамасыз етеді.

Өрт учаскелерінде ашық жану жоқ және елді мекендерге қауіп жоқ.

Өрт басталғалы бері 2 636 рет (көлемі – 7 747 тонна) су төгілген. Толық сөндірілгенге дейін оқшауланған өрт ошақтарына тұрақты түрде су төгу, сондай-ақ жиектерін топырақпен жабу жұмыстары жүзеге асырылады.

Естеріңізге сала кетейік, Абай облысындағы «Семей орманы» табиғи резерваты аумағындағы табиғи өрт оқшауланды.

Төтенше жағдайлар бірінші вице-министрі Ибрагим Күлшімбаев өрттің алдағы 4-5 күнде толықтай сөндірілуі мүмкін екенін айтты.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button