Blue Origin аэроғарыш компаниясы New Shepard кемесінің экипажбен алғашқы суборбиталық ұшуына орын алуға өтінімдерді 2020 жылдың 20 шілдесінен бастап ұсынған. Ставкалардың тікелей көрсетілімі компания сайтында жүргізіледі. Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 13:20-да ең жоғары ставка 2,8 миллион долларды құрады.
Бастапқыда компания жоспары бойынша бәссауда жабық режимде өткен. Оған 136 елден 5200 үміткер қатысты. Қорытынды бағаның одан да жоғары болатынын әбден мүмкін, себебі ашық аукцион 10 маусымға дейін жалғасады, ал сауданың соңғы бөлігі 12 маусымда өтеді.
Бәссауда жеңімпазы Blue Origin-ның Батыс Техастағы ғарыш айлағында үшкүндік даярлықтан өтіп, одан кейін ғарышқа ұшады. Оған компанияның бес қызметкері қосылады.
Semey News