Абай облысыҚоғамОқиғаСемейТОП

Абай облысындағы орман өрті: Половинка және Талица ауылының үйлеріне қайтарылды

Семей қаласының Половинка және Талица ауылдарының эвакуацияланған тұрғындары үйлеріне қайтарылды, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Өрттің таралу қаупіне байланысты ауыл тұрғындары қауіпсіз жерге, Семей қаласында құрылған эвакуациялық пункттерге көшірілген болатын. Қазір жағдай тұрақталды, орман өрті оқшауланды, биліктің толық бақылауында.

Тұрғындарды үйлеріне қайтару туралы шешім қабылданды.

Еске сала кетейік, Бұлақ ауылынан барлығы 72 адам, оның ішінде 24 бала эвакуацияланған болатын, олар кеше үйлеріне оралды.

Семей қаласында төтенше жағдайға байланысты Половинка, Талица және Бұлақ ауылдарындағы үйлерінен кетуге мәжбүр болған балаларға жазғы лагерьлерде тегін демалыс ұйымдастырылда. Балалардың бос уақытын ұйымдастыру үшін күн сайын Абай музейіне, басқа да қалалық мұражайларға, биологиялық орталыққа, киноға, орталық саябаққа экскурсиялар ұйымдастырылды.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button