Абай облысыҚоғамҚұқықбұзушылықТОП

Абай облысының Бородулиха ауданында кәсіпкер 2 жыл бойы өзінің заңды құқығын іске асыра алмаған

Проблема кәсіпкердің өзі «пайшы» болған ЖШС қатысушыларының құрамынан шығуына байланысты туындаған, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Кәсіпкер ШҚ атты өз шаруашылығын құрғандықтан ЖШС құрамынан шыққан.

Жер кодексінің 101-бабымен азаматтарға шаруа немесе фермер қожалығын, сондай-ақ ауыл шаруашылығы өндірісін ұйымдастыру үшін қатысушылар (мүшелер) құрамынан шыққан кезде үлесті немесе пайды бөлуге құқық беріледі.

Алайда, кәсіпкердің жаңадан құрылған ШҚ-ға пайшылардың жерлерін қайта ресімдеу процесінде «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-да кәсіпкерге оларды қайта тіркеуден бас тартылды.

Барлық бас тартулар құрамынан кәсіпкер 140 пайшымен бірге шығып кеткен серіктестік пен әкімдік арасындағы қолданыстағы жалдау шартының болуымен негізделген.

Осыған орай кәсіпкер сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке жүгініп, нәтижесінде барлық мүдделі тараптар мен уәкілетті органдардың (әкімдік, КЕАҚ, кәсіпкер) кездесуі ұйымдастырылды.

Жалпы талқылау мен түсіндіруден кейін уәкілетті орган осындай жер учаскелерін қайта тіркеу мүмкіндігі туралы шешім қабылдады.

Нәтижесінде кәсіпкерге жалпы ауданы 2000 гектарға жуық 5 жер учаскесі қайта тіркелді, қалған 7 жер учаскесін қайта тіркеу бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button