Халықтың күші – бірлікте!

Жерлестеріміздің басына түскен қиын қыстау кезеңде бірлігімізді көрсетіп, Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бастамасымен барлық мәдениет саласы ұжымдары өрттен зардап шеккен тұрғындарға көмек көрсетті, – деп хабарлайды Semeynews.kz.
Семей қаласының құрылыс колледжіне эвакуацияланған Бұлақ ауылының тұрғындарының жағдайларын біліп, қайырымдылық көмек көрсетіп, эвакуацияланған азаматтарды төсек-орын жабдықтарымен қамтамасыз етті.
Сонымен қатар мәдениет саласының қызметкерлері құрылыс колледжіне орналастырылған ауыл тұрғындарының балаларының бос уақытын тиімді өткізуге ат салысты. Қарағайлы шағын ауданында жаңадан ашылған «Арман» ойын-сауық орталығына апарып, балалардың көңілдерін аулады. «Жерде бір бала қуанса, көкте мың періште шаттанады», – дейді қазақ халқы. Бесіктегі баланың тыныш ұйқысынан, шалқыған күлкісінен айырмасын! Еліміздің ертеңі болар балаларымыз аман, дендері сау болсын!
Халқымыз тілсіз жаудан тез арылып, еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын! Табиғат апатымен күресіп жатқан барлық азаматтарға күш-қуат берсін, алғысымыз шексіз! Тезірек отбасыларына аман-есен оралсын!
Semeynews.kz