Абай облысыҚоғамОқиғаТОП
Абай облысының әкімі қиын-қыстау кезеңде жан-жақты көмек көрсетіп жатқан күллі жұртқа алғыс айтты

Нұрлан Ұранхаев Абай облысындағы орман өртінен зардап шеккендерге, құтқарушыларға еліміздің түкпір-түкпірінен гуманитарлық көмек жеткізілгені туралы айтып берді, – деп хабарлайды Semeynews.kz.
- Осындай қиын-қыстау кезде қол созып жатқан баршаңызға алғысымды білдіремін.
Гуманитарлық көмек көрсетуге атсалысқан облыстардың, мегаполистердің тұрғындарына, басшылығына, қоғамдық ұйымдар мен жастарға және волонтерлерге көп рахмет!
Қазір қажетте заттардың, азық-түлік қорының бәрі де жеткілікті.
Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында қаза тапқан азаматтардың отбасыларына көмек көрсетіп жатырмыз, – деді Нұрлан Ұранхаев.
Semeynews.kz