Абай облысыҚоғамСемейТОП

Абай облысындағы мекемеде сотталғандардың туыстарына көрме ұйымдастырылды

Абай облысындағы мекемеде сотталғандардың туыстарына көрме ұйымдастырылды, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Абай облысы ҚАЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, №20 түзеу мекемесінде сотталғандардың туыстарына арналып ашық есік күні ұйымдастырылды. Бұл күні сотталғандардың туыстары жақындарымен кездесіп, олардың қандай жағдайда жазаларын өтеп жатқандығын көруге мүмкіндік туды. Мекеме әкімшілігіне өздерін толғандырып жүрген көкейлеріндегі сауалдарын қойып, тиісті жауаптарын алды.

Ананың балаға, баланың әкесіне, жұбайлардың бір-біріне деген сағыныштарын басып, қауышуға жүзге жуық туған-туыстары мен балалары келді. Мекемеде 700-ден аса сотталған жазасын өтеп жатыр.

Шара барысында сотталғандар туыстарына арнап өз қол өнер туындыларынан көрме ұйымдастырды. Көрмеге ағаштан жасалған астау және әртүрлі ыдыстар мен басқа да көптеген бұйымдар қойылды. Осы қуанышты күннің соңында сотталғандардың туыстары сезімдеріне ерік бере отырып осы шараны ұйымдастырған мекеме әкімшілігіне алғыстарын айтты.

– Бәрімізге белгілі, адам өмірінде отбасының рөлі ерекше. Психологтардың дәлелі бойынша, әсіресе темір тордың әр жағындағы адамдар үшін отбасының қолдауы өте маңызды. Отбасының қолдауы сотталғанның тезірек бостандыққа шығуына ұмтылысын тудырады, – деді мекеме психологы әділет капитаны Шакаримова Назгуль.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button