Абай облысыДенсаулықҚоғамМӘМССемейТОП

Абай облысының штаттан тыс бас балалар инфекционисті жұқпалы ауруларды диагностикалау және емдеу әдістері туралы айтып берді

7 маусымда «Денсаулыққа 10 қадам» челленджі аясында кезекті тікелей эфир өтті. Абай облысының штаттан тыс бас балалар инфекционисті Эфендиев Имдат Мұса Оғлы тікелей эфирге шығып, жұқпалы ауруларды диагностикалау және емдеу әдістері туралы айтты, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

«Облыста жұқпалы аурулар бойынша жағдай тұрақты. Бірақ маусымдық жағдайға байланысты менингит, ішек және энтеровирусты инфекциялар сияқты аурулардың артуы байқалады. Біздің балалар жұқпалы аурулар ауруханасы жаңа ғимаратқа көшкенін атап өткім келеді, мұнда кішкентай науқастар мен медицина қызметкерлеріне барлық жағдай жасалған», – деді Эфендиев Имдат Мұса Оғлы.

Өздеріңіз білетіндей, кене маусымы сәуір айында басталып, мамыр мен маусым айларында көрсеткіш жоғарылайды. Сарапшылардың айтуынша, кене шаққан кезде оны мүмкіндігінше медициналық мекемеге келіп алдыртып тастауға немесе өз бетінше алып тастауды ұсынады.
Кенелер кене энцефалитінің немесе риккетсияның тасымалдаушысы болып табылады.

Риккетсиоздың алғашқы белгілерінің ішінде дене қызуының көтерілуі, бас айналуы, әлсіздік пен апатия, құсу, қан қысымының төмендеуі, ең бастысы, қолдың бүйірлері мен іште бөртпе пайда болады. Бұл ауру басталғаннан кейін Бұл ауру басталғаннан кейін 4-5 күн ішінде дамиды.

Кене энцефалиті – орталық жүйке жүйесінің біріншілік зақымдануы бар жедел жұқпалы вирусты ауру. Кене энцефалитінің негізгі белгілері: әлсіздік, бас ауруы, дене қызуының 38-39°С дейін көтерілуі, бұлшықеттер мен буындардың ауыруы, жүрек айну, құсу және координацияның бұзылуы.

«Қазір жазда балалар мен ересектер арасында энтеровирусты инфекция қаупі де артады. Энтеровирусты инфекциялар аурудың әртүрлі клиникалық формаларын тудырады. Кейбіреулердің қызуы көтеріліп, тұмау болуы мүмкін. Сондай-ақ, 80% жағдайда энтеровирустар серозды менингиттің таралуына ықпал етеді.

Алғашқы белгілерде учаскелік дәрігерді немесе жедел жәрдемді шақырған жөн», – деп түсіндіреді балалар инфекционисті.

Иммундау туралы ұмытпаңыз! Вакцинация бірқатар жұқпалы ауруларға қарсы тұру үшін дененің табиғи қорғаныс механизмдерін белсенді жүргізіп, иммундық жүйені күшейтеді.

18 жасқа дейінгі балалар жеңілдетілген санатқа жататынын ескеріңіз, олар үшін мемлекет міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру бойынша шегерім жасайды. Балалар қолжетімді медициналық көмектің толық спектріне қол жеткізе алады.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button