Абай облысыҚоғамҚылмысСемейТОП

Бас прокуратура Семей орманындағы өрттің үш нұсқасын тексеріп жатыр

ҚР Бас прокурорының орынбасары Жандос Өмірәлиев Абай облысындағы орман өртінің шығуы себебі бойынша бірнеше нұсқа қарастырылып жатқанын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бірінші нұсқа аясында орманды қасақана өрттеу әрекеті тексеріліп жатыр. Яғни ағашты сату мақсатында осындай қылмыс жасалуы мүмкін. Екіншіден, адами фактор салдарынан өрттің таралуы нұсқасы бар. Ал үшінші нұсқада табиғи сипаттағы фактордың әсері қаралады. Үш нұсқаның барлығы тексеріледі», – деді Ж. Өмірәлиев бүгін Мәжіліс отырысынан кейін тілшілер сұрағына жауап бере отырып.

Бұған дейін Жандос Өмірәлиев Абай облысындағы өртке қатысты қылмыстық іс аясында министрлер мен әкімдерден жауап алу туралы сұраққа жауап берген болатын.

Семей орманындағы өрт бойынша өз қызметіне салғырт қараған лауазым иелері қылмыстық жазаға тартылатынын мәлім етілді.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button