
19 мамырда Семей қаласында 138 нысан тексерілді. Оның ішінде күнделікті «жылу картасына» кіретін 131 нысан қамтылды. 5 бұзушылық (сауда үйлерінде, базарларда, қоғамдық тамақтану орындарында маскалық режімді бұзу және жұмыс кестесін бұзу) анықталды. Сомасы 87 510 теңгені құрайтын 2 хаттама толтырылды. Өндірілген айыппұлдар жоқ.
Риддер қаласында 5 рейд жүргізілді, 77 нысан тексерілді. Рейд барысында бұзушылықтар анықталған жоқ. Алдында болған рейд барысында анықталған бұзушылық бойынша қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасымен 87 510 теңгені құрайтын 1 айыппұл салынды.
Алтай ауданында күнделікті мониторингпен 137 нысан қамтылды, 2 бұзушылық анықталды. Үржар ауданында бір бұзушылық анықталды.
Сондай-ақ, санитарлық талаптарды сақтау бойынша рейдтер Курчатов қаласында және Абай, Аягөз, Зайсан, Бесқарағай, Глубокое, Ұлан және Шемонаиха аудандарында да жүргізілді. Бұзушылықтар анықталған жоқ.
Semey News.