Абай облысыҚоғамТағайындауларТОП

Болат Абдралиев Курчатов қаласының әкімі болды

ҚР Президенті Әкімшілігі мен Курчатов қаласының мәслихат депутаттары келісімімен және Абай облысы әкімінің өкімімен Курчатов қаласының әкімі лауазымына Абдралиев Болат Тансықбайұлы тағайындалды, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Өңір басшысы қаланың жаңа әкіміне қала активімен бірлесіп экономиканың өсуін қамтамасыз ету бағытындағы мақсаттарды орындауды тапсырды.

Болат Тансықбайұлы – 1976 жылы 20 мамырда Жамбыл облысының Тараз қаласында туған. М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін бітірген.

Еңбек жолын 1998 жылы «Қазфосфат» өнеркәсібінің жұмыскері ретінде бастаған. 2016 жылдан бастап квазимемлекеттік секторда әртүрлі лауазымдарда еңбек етті.

2022 жылдың шілде айында Абай облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы болып тағайындалды.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button