Абай облысыҚоғамТОП

Төтенше жағдайлар министрі: елді мекендерге қауіп төніп тұрған жоқ

Бүгін Төтенше жағдайлар министрі «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерваты аумағын қарап шықты. Елді мекендердің табиғи өрттен қорғалуын ұйымдастырылуын бақылады. Бүгінгі күні қауіп жоқ, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі таратқан мәліметтерге қарағанда, министр барлық күштер мен құралдар орман өрттерінің елді мекендерге өтуіне жол бермеу бойынша жұмысты жалғастырып жатқанын атап өтті. Сонымен қатар топтастырылған күштер мен құралдарды тиімді қолдануды қамтамасыз етуді тапсырды.

Өртті сөндіруге ТЖМ, Орман шаруашылығы комитетінен, жергілікті атқарушы органдардан және Қорғаныс министрлігінен 1 900-дан астам адам, 360-қа жуық техника жұмылдырылған.

Өртті сөндіру жұмыстары басталғаннан бері өрт ошақтарына әуеден 1 526 рет су төгілді, жалпы көлемі 4 486 тоннаны құрайды.

Өртті сөндіру +270-ден +320С-ге дейінгі жоғары температуралық фонмен, жану алаңының ауқымдылығымен және солтүстік, солтүстік-шығыстан секундына 14 метр жылдамдықпен соққан желге, күндіз оның екпіні секундына 20 метрге дейін жетуіне байланысты қиындады.

Қазгидромет болжамы бойынша, алдағы 3 тәулікте күн жауын-шашынсыз болады, жел соғып, екпіні секундына 28 метрге дейін жетеді.

«Сонымен қатар, бүгін 13 маусымда өрт Семей қаласына қарай бағыт алғаны байқалды. Уақтылы қабылданған жедел шаралардың арқасында өрт 30 км жерде тоқтатылды»,-делінген хабарламада.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button