Абай облысыҚоғамОқиғаТОП
Абай облысындағы трактористің өліміне жүрек жетіспеушілігі себеп болған

10 маусымда жоғалып кеткен Бесқарағай ауданы Долон ауылының тұрғыны жүрек жеткіліксіздігінен қайтыс болған, – деп хабарлайды Semeynews.kz.
Естеріңізге сала кетсек, жоғалып кеткен 1987 жылы туған Сергей Архиповтың денесі, Абай облысы полиция департаментінің қызметтік итінің көмегімен табылды.
Ер адамның денесінде зорлық-зомбылық белгілері жоқ, сондай-ақ алғашқы тексеру кезінде өрттен қаза болғандығын көрсететін белгілер табылған жоқ. Жүргізілген сот-медициналық сараптаманың қорытындысына сәйкес ер адамның өлімі жүрек жеткіліксіздігі – кардиомиопатия нәтижесінде болғандығы анықталды.
Semeynews.kz