Абай облысыҚоғамОқиғаТОП

Семей орманындағы өрт: Тракторшы Сергей Архиповтың денесі табылды

Абай облысының полицейлері 10 маусымда жоғалып кеткен Бесқарағай ауданы Долон ауылының тұрғыны, тракторшы Сергей Николаевич Архиповтың мәйітін тапты, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Ер адамның денесі қызметтік иттің көмегімен өртті сөндіру орнынан 50 шақырым жерден табылды, зорлық-зомбылық белгілері жоқ. Қызметтік ит Абай облысы ПД-нің кинологиялық есебінің құрамында іздеуге атсалысып, трактор табылған жерден орман жолағына дейінгі ер адамның ізін тапқан.

Сот-медициналық сараптама тағайындалды, оның нәтижелері бойынша процестік шешім қабылданатын болады. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексерудің деректері жарияланбайды.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button