ШҚОПроисшествияТОП

Масаң күйде екінші рет көлік жүргізген ШҚО тұрғыны ұсталды

Көлік құралын екінші рет масаң күйде басқарғаны үшін Аягөз қаласының тұрғыны 5 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін, деп хабарлайды Semey News.

ШҚО ПД баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, 2021 жылы 28 сәуірде Аягөз қаласында сағат 20:00 шамасында патрульдік полиция батальонының қызметкерлері көлік құралын басқару құқығынан өмір бойына айырылған 33 жастағы жүргізушіні ұстады. Тәртіп бұзған жүргізуші осыған дейін Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 346-бабы 1-тармағы (Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы, сол сияқты көлік құралын басқаруды осындай адамға беру немесе көлік құралын осындай адамның басқаруына жол беру) бойынша жауапкершілікке тартылған.
– Аталған факт бойынша ҚР ҚК 346-бабының 1-тармағымен (Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы, сол сияқты көлік құралын басқаруды осындай адамға беру немесе көлік құралын осындай адамның басқаруына жол беру) сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары басталды.
Қазіргі уақытта ұсталған жүргізуші уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Тағайындалған сот-медициналық сараптамаларының қорытындысы бойынша процесстік шешім қабылданатын болады,- деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мадиев.
Жыл басынан бері Полиция департаментінің аумақтық бөлімшелерінде ҚР ҚК-нің 346-бабы бойынша 36 факті тіркелген, оның ішінде 28 факті бойынша айыптау үкімі шығарылды.
Жол-көлік оқиғаларының алдын алу және адам өмірі мен денсаулығын сақтау мақсатында, ШҚО Полиция департаменті әрбір азаматқа масаң күйде көлік құралдарын басқармау керек екенін ескерте отырып, жол-көлік ережелерін қатаң ұстануға кеңес береді.
Semey News

Осы айдарда

Back to top button