Абай облысыҚоғамОқиғаСемейТОП
Семей орманындағы өрт: Озерки ауылында тасаттық намазы оқылды
Бүгін “Абай Құнанбайұлы” атындағы орталық мешіті дін қызметкерлерінің ұйымдастыруымен Озерки ауылында тасаттық намазы оқылып, құрбандық шалынды, – деп хабарлайды Semeynews.kz.
Шариғат талаптарына сай өткен шараға 300-ге жуық адам қатысты. Оның ішінде имам-молдалар, мешіт жамағаты, еріктілер мен ауыл тұрғындары бар. Құрбандық еті отты ауыздықтауға атсалысып жатқан өрт сөндіруші қызметкерлерге үлестіріледі.
Semeynews.kz