Абай облысыҚоғамОқиғаСемейТОП

Абай облысының полицейлері хабар-ошарсыз кеткен тұрғынды ізеуде

Абай облысы ПД Бесқарағай ауданының полиция бөліміне 1987 жылы туған, Бесқарағай ауданы Долон ауылының тұрғыны Архипов Сергей Николаевичтің туыстары көмек сұрап жүгінген, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Жақындарының айтуларынша Архипов Сергей Николаевич 10 маусымда өзінің тракторымен өртті сөндіруге көмектесуге кеткен.

Жедел штабтан келіп түскен ақпарат бойынша Долон орманшылығының тракторшысы С.Н.Архипов 2023 жылғы 10 маусымдағы кештен бастап байланысқа шықпаған.

Полиция қызметкерлері ТЖМ – мен бірлесіп оның орналасқан жерін анықтау бойынша іздестіру іс-шараларын жүргізуде. Іздеу жұмыстарына жеке құрам жұмылдырылды.

Сондай-ақ, ол жүріп өткен көлік құралын анықтау үшін аумақты ұшақпен айналып өту жүзеге асырылды.

Егер сізде С.Н.Архиповтың орналасқан жері бойынша қандай да бір мәліметтер болса, “102” телефонына немесе жақын жердегі полиция бөлімшесіне хабарлауыңызды өтінеміз.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button