Абай облысыҚоғамОқиғаСемейТОП

Орман өртіне байланысты Озерка ауылының тұрғындары Семейге көшірілді

Абай облысындағы орман өрті қаупінен Озерского ауылының тұрғындары Семей қаласына эвакуцияланды, деп хабарлайды Semeynews.kz.

«Орман алқабына жақын орналасқан Озерского ауылдық округі тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында оларды Семей қаласына эвакуациялау туралы шешім қабылданды. Ауыл тұрғындары алдын ала ұйымдастырылған эвакуациялық пункттерге орналастырылды. Ыстық тамақ және бірінші кезекте қажетті құралдармен қамтамасыз етілген. Ауылдағы үйлер мен жеке қосалқы шаруашылықтарын полиция қызметкерлері күзетеді», – делінген шұғыл хабарламада.

Ақпаратта айтылғандай, Озерского ауылының кіре берісіне бекеттер қойылды.

Бұған дейін өңір әкімдігі алапат өртке байланысты Бұлақ ауылының тұрғындары Семейге көшірілгенін хабарлаған еді.

Айта кетейік, өңірде құрылған жедел штабтың жетекшісі Дмитрий Гариков орман өрті негізінен түнде сөндіріліп жатқанын айтқан еді.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button