Абай облысыҚоғамСемейТОП

Абай облысының полицейлері күшейтілген режимде қызмет атқаруда

11 маусымда жел бағытының өзгеруіне байланысты өрт Семей қаласының Талица ауылына жақындады, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Тәртіп сақшылары Талица ауылынан және оған іргелес елді мекендерден – Тепкаши және Половинка ауылдарынан облыс орталығына 107 тұрғынды эвакуациялады.

Полицейлер әр үйді айналып өтіп, олардың өміріне қауіп төніп тұрғандықтан тұрғындарды үйлерінен кетуге көндірді.

Абай облысы полиция департаментінің қызметкерлері төтенше жағдай кезінде күшейтілген режимде қызмет атқаруда.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button