Абай облысыҚоғамОқиғаТОП

Абай облысындағы этномәдени бірлестіктер көмекке жұмылды

Абай облысындағы этномәдени бірлестіктер көмекке жұмылды. Бұл туралы ҚХА төрағасының орынбасары – хатшылық меңгерушісі Марат Әзілханов мәлімдеді, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

«Абай облысындағы ауыр өрт апаты салдарынан бірқатар елді мекендер эвакуацияланып, тұрғындардың үйлері өртеніп, ауыр зардап шеккендер де бар.

Өрт сөндірушілердің негізгі тобы орналасқан штабқа алғашқылардың бірі болып облыстық Достық Үйі – Қоғамдық келісім орталығының этномәдени орталықтарымен бірлесіп «Ассамблея жастары» РҚБ еріктілері келді», – деп жазды Марат Әзілханов.

Бородулиха ауданына Абай облысының Достық үйімен бірлесіп өртті жоюға тартылған қызметтерге су және басқа да көмек жеткізілген. Сондай-ақ, қаражат жинауға облыстық Достық үйінің қызметкерлері, этномәдени бірлестіктердің белсенділерімен қатар жанашыр жандар да қатысты.

«Бүгінгі күні әрқайсымыз азаматтық борышымызды сезіну, халқымыздың бірлігіне атсалысу сияқты қасиеттерді іс жүзінде көрсетіп жүрміз. Ассамблеяның әр мүшесі бұл жауапкершілік пен парызды терең сезінеді», – делінген ҚХА өкілінің жазбасында.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button