Абай облысыҚоғамОқиғаТОП

Димитрий Гариков: қатты жел өртті сөндіруді қиындатуда

Жедел штабтың басшысы Димитрий Гариков өрт Каштак орманшылығы бағытында жүріп жатқанын және жедел ден қою үшін техникалар сол бағытта жиналатынын атап өтті, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Ол сонымен қатар негізгі өрт сөндіру жұмыстары түнде жүргізілетінін айтты.

– Қазір желдің күшеюіне байланысты жағдай нашарлауда. Өрт Таврия елді мекені Каштак орманшылығына қарай бағыт алды. Техниканың шамамен 65%-ы дәл сол жерде жинақталған. Успен орманшылығында мезгіл-мезгіл шағын өрт нүктелері пайда болуда. Негізгі жұмыс түнде жүргізіледі. Сондай-ақ, Жерновка ауылында күрделі жағдай сақталуда – рельефке байланысты техника ол жерден өте алмайды, – деп атап өтті Димитрий Гариков.

Қазір өрт сөндірушілер үшін ең бастысы – елді мекендерге өртті кіргізбей, ұстау.

– Қазір адамдар үйлерінде, олар ескертілді. Тәуекел аймағында Таврия болғанша жел сол бағытта жүреді. Облыс және қала әкімі Қазір Каштак орманшылығында, – деп атап өтті Гариков.

Сондай-ақ, штаб басшысы өрттен Батпаев және Успен орманшылықтары қатты зардап шеккенін айтты.

– Батпаев орманшылығы қатты зардап шекті – орман шетінен шамамен 7-8 шақырым қашықтықтағы аумақ зардап шекті, Успен ауданындағы жер ең көп зардап шекті. Мен өрттің мұндай ауқымын көрген жоқпын, бірақ 22-ші мамырдағы бірінші өрттен кейін біз өзімізді сенімді сезінеміз. Өрт сөндірушілерге азық – түлік жетіспейтіні туралы хабарларға келетін болсақ, олай емес. Жұмыс жүргізілуде, облыс тұрғындарына, еріктілерге, бей-жай қарамайтын азаматтарға үлкен алғыс айтамыз, – деп қорытындылады Димитрий Гариков.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button