Абай облысыҚоғамОқиғаСемейТОП

Семей қаласының әкімі алапат өртте қаза тапқан жандардың туғандарына көңіл айтты

Семей қаласының әкімі Нұрбол Нұрсағатов алапат өртте жан кешкен жандардың туған-туыстарына көңіл айтты, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Қадірлі жерлестер!

Неше күннен бері өңіріміздегі тілсіз жау көңілге қаяу, жүрекке сызат түсірді. “Семей орманы” резерватындағы өртті сөндіру кезінде қызметтік міндеттерін атқару барысында қаза тапқан 14 орманшының орны толмас қазасы қабырғамызды қайыстырды.

Амал нешік, ажал ғайып қаракөз қызымыз бен атпалдай азаматтарымызды арамыздан алып кетті. Марқұмдардың отбасыларына, жақындарына қайғыра көңіл айтамын.

Тілсіз жаумен алысып, туған даласының, туған халқының амандығы жолында жандарын қиған жерлестеріміздің ерлігі ешқашан ұмытылмайды.

Зор күйзеліспен, Семей қаласының әкімі Нұрбол Нұрсағатов

Осы айдарда

Back to top button