
«Заң жобасында дактилоскопиялық тіркеу мерзімін 2023 жылғы 1 қаңтарына дейін созу қарастырылған, себебі қаражат жетіспей отыр», – деп түсіндірді министр.
Бұдан бұрын хабарланғандай, жалпы отырыста «Мемлекеттік фельдъегерлік байланыс туралы» заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды.
Бұл қызметтің міндеті – Үкіметтің хат алмасу жұмысын қамтамасыз ету, мемлекеттік органдардың аса маңызды әрі құпия хаттарын тасу, арнайы пошталарды ТМД-ға мүше елдерге жеткізу.
Сонымен қатар Мәжілістің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік фельдъегерлік байланыс және ішкі істер органдары қызметінің мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ілеспе заң жобасы да бірінші оқылымда мақұлданды.
Semey News



