Абай облысы полиция департаментінің жеке құрамы өңірдегі өрттерді оқшаулау кезеңінде қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге жұмылдырылды

Абай облысы полиция департаментінің жеке құрамы өңірдегі өрттерді оқшаулау кезеңінде қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге жұмылдырылды, – деп хабарлайды Semeynews.kz.
Полиция департаментінің жеке құрамы тұрақты орналасу пункттерінде дайындық жағдайында болды.
Патрульге 70 полиция қызметкері, сондай-ақ 20 бірлік техника жұмылдырылды.
Полиция қызметкерлері төтенше жағдай аймағында эвакуацияланған тұрғындардың материалдық құндылықтары мен жеке мүлкін қорғау бойынша топтар құрды.
Жергілікті аймақтарда көліктің барлық түрлерінің қозғалысын ұйымдастыру және реттеу, сондай-ақ төтенше жағдай режимін, азаматтар мен көлік құралдарының келу және кету тәртібін қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Қазіргі уақытта қоғамдық тәртіпті бұзу фактілеріне жол берілмеген.
Semeynews.kz



