Абай облысыҚоғамОқиғаТОП
Абай облысындағы орман өрті: Қаза тапқан 11 адамның денесі табылды

Абай облысындағы өртті сөндіру жедел штабының мәліметінше, іздеу жұмыстары барысында тағы 11 қаза тапқан адамның денесі табылды, – деп хабарлайды Semeynews.kz.
Қаза тапқандардың жеке басы анықталуда.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін жоғалған Орман шаруашылығы үш қызметкерінің өлі денесі табылған болатын. Осылайша, қаза тапқандар саны 14-ке жетті.
Semeynews.kz сайтының ұжымы қаза тапқандардың жақын туыстарына қайғыларына ортақтасып көңіл айтады.
Semeynews.kz