Абай облысыҚоғамОқиғаТОП

Семей орманындағы өрт: Қаза тапқан үш орманшының аты-жөнін анықтау мүмкін болмай тұр

Төтенше жағдайлар министрлігі өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы Нұрболат Дербісов Jibek Joly телеарнасына берген сұхбатында Семейдегі орман өртін сөндіріп жүріп мерт болғандардың кім екені әлі анықталмағанын айтты, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

«Өрттен 3 адам қаза тапты деп жатыр, бірақ әзірге олардың кім екенін анықтау мүмкіндігі туып жатқан жоқ. Ішкі істер министрлігі мен полиция департаменті мамандары арнайы жұмыс жүргізіп жатыр. Өртелген техниканың қалдықтары табылып жатыр, дегенмен адам шығынына қатысты нақты жағдай беймәлім. Алдымен мән-жайды білейік, сосын толық мәлімет береміз деген ойдамын», – деді Нұрболат Дербісов Jibek Joly телеарнасына берген сұхбатында.

Спикер аптап ыстық, қатты жел және орман ішіне кіруде кедергі барын тағы да еске салды.

«Қазір тікұшақ санын көбейттік, олар тиімді жұмыс істеп жатыр. Мамандар және техника жеткілікті, тек жұмысты дұрыс бағытта ұйымдастыра білу керек», – дейді ол.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button