Абай облысыҚоғамОқиғаТОП

Абай облысында 1 мыңнан аса адам жеті учаскеде өрт сөндіріп жатыр

Төтенше жағдайлар министрлігі Абай облысындағы өртке қатысты соңғы мәліметті жариялады, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Таңғы сағат 6.00-ден бастап өрт ошақтарына әуеден 164 рет су төгілген.

Абай облысында 7 учаскеде отты сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр.

Тілсіз жаумен күреске ТЖМ, Орман шаруашылығы комитетінен, ЖАО және Қорғаныс министрлігінен 1000-нан астам адам, шамамен 237 техника жұмылдырылған.

11 тікұшақ тартылды.

Таңғы сағат 6.00-ден бастап өрт ошақтарына әуеден 164 рет жалпы көлемі 410 тонна су төгілді.

Өрт сөндіру жұмысы басталғалы бері 263 рет жалпы көлемі 590 тонна су төгілді.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button