ҚоғамСемейТКШТОП

Семейде жасыл желектерді суару жұмыстары күшейтілді

Ауа температурасының едәуір жоғарылауына байланысты қалада жасыл желектерді суару жұмыстары күшейтілді, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Сонымен қатар, өрт қауіпсіздігі мақсатында теректердің мамығын түсіру жұмыстары жүргізілуде.

Семей қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі жасыл екпелерді суару жұмыстарын жүйелі түрде жүргізеді.

Күтім аптасына кемінде 3 рет суару машиналарын қолдану арқылы қолмен суару түрінде жүзеге асырылып келеді. Құрғақ ауа-райында суару жиілігі артуда.

Жасыл желектердің тиімді өсу мен тамыр тартуы үшін минералды тыңайтқыштар қолданылады.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button