Абай облысыҚоғамСемейТОП

Семейде Ұлттық ұлан әскери бөлімдерінің командирлері суда БТР жүргізу дағдыларын пысықтады

Үш күн бойы Семейдегі “Шығыс” өңірлік қолбасшылығының полигонында Ұлттық ұланның бөлім командирлері мен олардың орынбасарлары оқу-әдістемелік жиындарға қатысты, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Әскери жиынға Павлодар, Өскемен, Курчатов және Семей қалаларындағы әскери бөлімдерден 15 әскери қызметші тәжірибе алмасып, әскери шеберліктерін шыңдады. Дәл осы төрт қалада “Шығыс” өңірлік қолбасшылығының әскери бөлімдері орналасқан.

Жаттығудың бірінші күнінде әртүрлі қарулардан атыс өтті. Ал екінші күні арнайы техникамен шағын көлді еңсеру қажет болды.

– Бізде өтіп жатқан жаттығулар жауынгерлік жағдайға барынша жақын. Бұл жерде офицерлер судағы кедергілерді бағындырады. Көлдегі судың тереңдігі шамамен бес метрді құрайды. БТР-дің салмағы 13 тонна, осы техникамен оданда терең су айдындарын еңсеруге болады, – деді Ұлттық ұланның 5511 әскери бөлімінің командирі Айбек Исенов.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button