Абай облысыҚоғамОқиғаСемейТОП

Абай облысында орман өртін сөндіру жұмыстары жалғасуда

Түнде Бородулиха ауылындағы Островский орта мектебінің және колледж базасында эвакуациялық пункттер орналастырылды. Успенское, Поднебесное және Барышевка ауылдарының тұрғындары өз бетінше туыстарының үйлеріне орналасты. Аталған елді мекендерді қорғауға 122 адам және 30-дан астам техника тартылды, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Өрт орнында барлығы 462 адам, 70 бірлік техника және 4 тікұшақ жұмылдырылды. Тікұшақ техникасымен өткен тәулікте жалпы көлемі 30 тонна болатын 12 су ағызу жүзеге асырылды.

ТЖ министрі Юрий Ильиннің өкіміне сәйкес күштер мен құралдарды үйлестіру үшін өрт орнына ТЖ вице-министрі Марат Күлдіков жіберілді.

Таңғы сағат 6.30-дан бастап облыс әкімінің орынбасарымен МИ-2 тікұшағында өрт аймағын аэровизуалды барлау жүргізуде.

Облыста орман өртіне қарсы күрес бойынша барлық шаралар қабылдануда. Жедел штабтың жұмысы ұйымдастырылған. Облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев штабтың көшпелі отырысын өткізді.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button