Абай облысыҚоғамМерекеСемейТОП

Семейліктер Абайдың «Көзімнің қарасы» әнін шырқады

Семей тұрғындары Абай облысының құрылуына 1 жыл толуына орай Ертіс өзенінің жағалауында Ұлы Абайдың «Көзімнің қарасы» әнін шырқады, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

«Алаш қонған ақ боз үй» деп, Ахмет Байтұрсынұлы жырлағандай, Алашқа пана болған қарт Семей өз биігіне шықты. Осыдан 1 жыл бұрын Семей жұртшылығы үшін ақ түйенің қарны жарылған күн болды. Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың салиқалы саясатының негізінде, халықтың қалауы ескеріліп, Президент Жарлығымен Абай облысы құрылды. Бұл шешім – шын мәнінде, тарихи әділдіктің салтанат құруы болды.

Бүгін Абай облысының құрылуына бір жыл толуына орай, Ертіс өзеңінің оң жағалауында мерекелік іс-шара өтті. Мерекелік шараға облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев, қоғам қайраткерлері мен өңір тұрғындары қатысты.

Бүгінгі кеште ең айтулы оқиға, мерекелік шараға жиналған қауым бір мезетте Абай облысының эстрадалық-симфониялық оркестрі сүйемелдеуімен Абайдың «Көзімнің қарасы» әнін орындады. Арнайы құрылған экранда Абай облысына қатысты бейнеролик көрсетілді.

Мерекелік шара жергілікті өнерпаздардың концерттік бағдарламасына ұласты.

Абай облысы жайнап, көркейіп дами берсін!

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button