ШҚО ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, ағымдағы жылдың 29 сәуірінде Алтай аудандық ПБ криминалдық полиция қызметкерлерімен «Құқықтық тәртіп» жедел алдын алу іс-шарасы барысында 72 жастағы зейнеткердің гаражынан 38 дана оқ-дәрі тәркіленген.
Сараптамаға сәйкес алынған 38 дана оқ-дәрілер 7,62-39 калибрлі оқ-дәрі болып табылады, олар өздігінен оқталатын карабинге, автоматтарға, қол пулеметтеріне, аңшылық қаруға қолданылатын, ойық атыс қаруына арналған оқ-дәрілер болып табылады.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 287-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.