Абай облысыҚоғамҚұрылысСемейТОП

Семейде аула аумақтарын аббаттандыру жұмыстары қарқынды жүргізілуде

Облыс орталығы Семей қаласында жаңа ауруханалардың құрылысы басталып, аула аумақтарын абаттандыру жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр. Жаңа қоғамдық орындар да салына бастады, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Былтырдан бері Семейде 54 тұрғын үйдің 35 ауласын абаттандыру жүйелі түрде жүргізілді.
Биыл тағы 70 аула аумақтарын (160-тан астам тұрғын үй), сондай-ақ 15 қоғамдық орынды абаттандыру жоспарланып отыр.

Аймақ басшысы бүгін Глинка 30, 32, Иртышская 17, Өзбекская 40 көшелерінің бойындағы абаттандыру жұмыстары басталған бірнеше ауланы аралап көрді.

– Биыл 70 ауланы абаттандырамыз. Жұмыстардың сапалы орындалуына баса мән береміз, – деді Нұрлан Ұранхаев.

Сондай-ақ, қала мен облыс үшін аса маңызды денсаулық сақтау нысандарының: 400 орынға арналған көпсалалы облыстық аурухананың, 150 төсек-орындық балалар психоневрологиялық медициналық-әлеуметтік мекемесінің, университеттік емхананың құрылысына арналған орындар белгіленді. Бұл жобаларды жүзеге асыру Абай өңірін дамытудың кешенді жоспарына енгізіліп, ерекше бақылауға алынды. Инвесторлар есебінен қажетті құжаттаманы дайындау жүргізілуде, сол арқылы бюджет қаражаты үнемделуде.

Нұрлан Ұранхаев Волгоградская көшесінің бойындағы бөлінген жер телімдерін аралап көрді.
Сондай-ақ Ұшақтар ауданында емханамен бірге 300 орынға арналған көпсалалы балалар ауруханасының құрылысы жүруде. Облыс басшысы құрылыс алаңын аралап көріп, өз ойын білдірді.

Сапар барысында Нұрлан Ұранхаев Би-Боранбай көшесінің қиылысындағы жол жамылғысының жөндеу жұмыстарын да тексерді. Биыл Семейде барлығы 40-қа жуық көшеге асфальт төселмек. Жалпы ұзындығы 7 мың метрді құрайтын қала көшелеріндегі тратуарларды ретке келтіре отырып, 360 м2 астам асфальтбетон жабындысын төсеу жоспарланған.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button