ҚоғамСемейТОП

Семей қаласының әкімі тұрғындарды жеке мәселелермен қабылдады

Семей қаласының әкімі Нұрбол Нұрсағатов кезекті рет тұрғындарды жеке мәселелер бойынша қабылдады, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Шаһар басшысы барлығы 12 адамды қабылдады. Тұрғындарды қабылдау барысында сумен қамту, әлеуметтік көмек көсету, мүгедектігі бар балаларға берілетін білім, баспанамен қамту және тағы да басқа мәселелер қаралды.

Қала басшысы қабылдауға жазылған қала тұрғындарының арыз-шағымдарын, өтініштері мен ұсыныстарын тыңдады.  Азаматтардың өтініш-шағымдарын тыңдай келе, бірқатар мәселелердің шешілетіндігін айтып, ал бірқатарының Заңды түрде шешу жолдарын түсіндірді.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button