ҚоғамСемейСпортТОП

Семейде Халықаралық паралимпиада жүлдегеріне пәтер кілті табысталды

Бүгін қалалық әкімдік ғимаратында қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов Сурдлимпиада ойындарының қола жүлдегері Ләззат Бақтияроваға пәтер кілтін табыстады, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Бақтиярова Ләззат Дәуренқызы – бала кезінен мүкіндігі шектеулі жан. Ол әлем чемпионатының қола жүлдегері, жиырма төртінші сурдлимпиада ойындарының қола жүлдегері, бірінші Азия-Тынық мұхиты ойындарының қола жүлдегері атанған.

«Семей – спорттың бірнеше түрі бойынша чемпиондардың бірнеше буынын тәрбиелеп шығарған, қалыптасқан спорттық дәстүрлері бар өңір болып саналады. Біздің даңқты спортшыларымыздың есімдері елімізден тысқары аймақтарда кеңінен танымал. Нәзік болмысыңызбен, үлкен белестерді бағындырып келесіз. Биік белестерді бағындыруыңызға тілектеспін»,- деді қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов.

Айта кетейік, Лаззат Бахтиярова ҚР “Дене шынықтыру және спорт туралы” 2014 жылғы 3 шілдедегі № 228 – V ҚРЗ Заңының 47-бабына сәйкес тұрғын үй қорынан өтеусіз негізде пәтер иесі атанды.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button