Абай облысыҚоғамҚылмысОқиғаСемейТОП

Абай облысында пышақ жарақатынан жасөспірім қайтыс болды

Абай облысында жасөспірімдер арасында жан-жал туып, соңы қайғылы оқиғамен аяқталды, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Абай облысы Полиция департаменті хабарлауынша, 6 маусымда облыстық балалар клиникалық ауруханасына су қоймасының аумағынан пышақ жарақатымен 13 жасар жасөспірім түсіп, медициналық мекемеде қайтыс болған.

Тексеру барысында оның себебі жасөспірімдер арасында болған ауызша жанжал болды, арты жасөспірім зардап шеккен төбелеске айналды.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 99-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

“Жанжалдың қатысушыларыдың барлығы анықталды, күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Қазіргі уақытта толықтығы мен объективтілігін қамтамасыз етуге бағытталған бірқатар тергеу әрекеттері жүргізілуде, олардың нәтижелері бойынша заңды процестік шешім қабылданатын болады.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексерудің деректері жария етілуге жатпайды”, – делінген ведомство ақпаратында.

Қараусыздық жасөспірімдерде жазатайым оқиға немесе олардың құқық бұзушылық жасауы мүмкін екенін полиция ата-аналардың есіне салады. Тәртіп сақшылары балаларға бақылау мен жауапкершілікті күшейту және олардың қауіпсіздігі жөніндегі шараларды күшейту қажеттігін атап өтеді.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button