Абай облысыӘкімшілік құқықбұзушылықҚоғамСемейТОП
Семейде жол қозғалысы ережесін шамамен 4,4 млн теңгеге бұзған жүргізушілер анықталды
Семейде жол қозғалысы ережесін шамамен 4,4 млн теңгеге бұзған жүргізушілер анықталды, – деп хабарлайды Semeynews.kz.
Абай облысы ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, Семей қаласы полиция басқармасы патрульдік полиция батальоны мен әкімшілік полиция бөлімі қызметкерлерінің жедел іс-шаралардың нәтижесінде қалада жол қозғалысы ережесін 64 рет бұзып, 1,6 млн теңгеден астам сомаға айыппұл арқалаған Volkswagen, 30 рет жол ережесін 724 500 теңге сомасына бұзған BMW, 2035500 теңгеге 24 бұзушылық жасаған Toyota Camry автокөліктерін анықтады.
Қазіргі уақытта аталған көліктердің барлығы арнайы айыппұл тұрағына орналастырылды.
Semeynews.kz