ҚоғамҚұрылысСемейТОП

Ағымдағы жылы Семейге қарасты Водный кентінде жаңа мектеп құрылысы басталады

Қазіргі таңда құрылыс жұмыстарына дайындықтар жүргізілуде, құрылысқа қажетті қоршаулар орнатылды, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Оқушы орындарының тапшылығын одан әрі шешу үшін «Жайлы мектеп» пилоттық ұлттық жобасы шеңберінде Семей қаласында 2023-2025 жылдары 5 мектеп салу жоспарланған. Соның ішінде Водный кентінде 600 оқушыға арналған мектеп салынады.

Шарт «AN groups» мердігер ұйымымен жасалды. Осы орайда бүгін Семей қаласының әкімі Нұрбол Нұрсағатов Водный кентіне барып, мердігер ұйымның өкілдерімен кездесіп, жұмыстың сапалы орындалулы бойынша бірқатар тапсырмалар берді.

«Бұл мектеп оқушы орындарының тапшылығын болдырмауға мүмкіндік береді. Сондықтан, белгіленген кестеге сәйкес құрылыс жұмыстарын бастаңыздар. Сыртқы инжинерлік желілердің сапалы жүргізулуіне көңіл аударыңыздар»,- деді Нұрбол Нұрсағатов.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button