Абай облысыҚоғамОқиғаСемейТОП

Желіде Семейдегі “Жас Ұлан” лицейінің оқушыларын ұрып-соғу туралы бейне жарияланды

Әлеуметтік желіде Семейдегі “Жас-Ұлан” лицей ұландарын ұрып жатқан екі бейнеролик тарады. Абай аудандық білім басқармасы оқиғаға қатысты жауап берді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Семейдегі лицей-интернаттың бірінде жігітке күш көрсетіп жатқан видеосы пайда болды. Кадрларда әскери киім киген жігіттің екіншісін қалай ұрғаны көрсетілген.

Сондай-ақ, қолына белбеу ұстаған, форма киген ер адам баламен әдепсіз сөздер туралы түсіндірме әңгіме айтып, оны белдікпен ұрған видеосы да жарияланды.

“Жас-Ұлан” мектебі, Семей қаласы Білім министрлігі”, – делінген видеоның сипаттамасында.

Абай облыстық білім басқармасы бұл кадрларға түсініктеме беріп, оқиғаның шынымен болғанын мәлімдеді.

“3 ақпанда әлеуметтік желілердің мониторингі барысында 111-взвод ұланына 91-взвод ұланы соққы берген бейнежазба табылды. Сондай-ақ, офицер 71-взвод ұланын белбеуімен ұрған бейнежазба табылды. Жоғарыда аталған фактілер 2022 жылдың қазан айында болған.

Қызметтік тергеу барысында бұл фактілер расталды және кінәлі адамдарға қатысты тәртіптік жаза қолданылды, атап айтқанда: 111-взводтың тәрбиеленушісі 2023 жылдың 6 ақпанында оқудан шығарылды, офицер 2023 жылдың 8 ақпанында қызметінен босатылды.

Уәлиханов атындағы дарынды балаларға арналған “Жас-Ұлан” лицей-интернатының ұландары арасындағы қарым-қатынас, жанжалды жағдайлар мен педагогтердің іс-әрекеттері Абай облысы білім басқармасының басшылығының тұрақты бақылауында” – деді ведомства.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button