ШҚОПроисшествияТОП

Полиция шкафта ұйықтап қалған баланы 4 сағат іздеді

ШҚО-да полиция шкафта ұйықтап қалған баланы 4 сағат іздеген, деп хабарлайды Semey News ALTAYNEWSке сілтеме жасап.

Бұл оқиға Алтай ауданының Маяк ауылында болды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

 

Полицияға тоғыз жастағы қыз баланың әжесі қоңырау шалып, бала жоғалғаны туралы хабарлаған.

 

– Үй-үйді, бүкіл ауылды аралап шығып, ешқай жерден таппадық. Содан кейін полицияға жүгінуге мәжбүр болдық, – дейді Татьяна Выходцева.

 

Ал Алтай ауданының полиция бөлімі дереу дабыл қағып, жеке құрамды баланы іздеуге жұмылдырған. Сақшылар өзен жағасын, қараусыз қалған ғимараттарды, кәріз құдықтарын тексереді. Кешке қарай баланы іздеуге еріктілер, әкімдік пен мектеп қызметкерлері қосылған. Осы кезде баланың атасы қоңырау шалып, немересін шкафта ұйықтап жатқан жерінен тапқанын хабарлады. Үйге әжесі айтқан уақыттан кешігіп келген бүлдіршін шкафта жасырынып жатып қалып кеткен көрінеді.

Semey News

Осы айдарда

Back to top button