
“Вакциналардың көрсетілген бағасын өндірушілердің өзі қойған. Біз үшін ең маңыздысы қысқа мерзім ішінде вакцинамен қамту, тұрғындардың таңдауы болатындай жағдай жасау. Өздеріңіз білесіздер, жеткізу мен лимит бойынша тапшылық бар. Ал біздің ең басты мақсатымыз – қысқа уақыт ішінде халықты барынша вакцинамен қамту. Сондықтан бұл жұмыстар атқарылып, вакциналар жеткізіліп, иммундау жүйесінде қолданылып жатыр”, – деді министр.
“Ал елдегі зауытқа қатысты айтар болсақ, бұл вакцина алғаш рет шығарылады, сонымен қатар, ол жерде онкологиялық ауруларға қажетті биологиялық заттар өндіріледі, сондықтан жабу туралы мәселе жоқ. Вакцина кестесі бойынша елімізде 20 түрлі вакцина салынады және оның өндірісі бар, сондықтан отандық фарминдустрияны қолдау керек”, – деді Алексей Цой.
Айта кетейік, қазір Қазақстанда үш вакцина бар: “Спутник V”, QazVac және Hayat-Vax. Соңғысы Қазақстанға мамыр айының басында келді. Оны жаппай егу 4 мамырда басталған.
Semey News