Абай облысыҚоғамҚылмысТОП
Абай облысында бөтеннің көлігін айдап кеткен азамат ұсталды

Семейліктің көлігін көлігін айдап кеткен Шар қаласының тұрғыны ұсталды, – деп хабарлайды Semeynews.kz.
Абай облысы ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, Жарма ауданының Шар қаласы ПБ кезекші бөліміне Семей қаласының тұрғыны хабарласып, белгісіз адам үйдің жанындағы тұраққа қойылған оның ВАЗ-2114 маркалы автокөлігін ұрлап айдап әкеткенін хабарлаған.
Дереу ұстау жоспары енгізілді. Нәтижесінде 34 жастағы Шар қаласының тұрғыны анықталып, ұсталды. Жауап алу барысында ол өз кінәсін толық мойындады. Күдіктінің бұрын осындай қылмыс жасаған үшін істі болғандығы анықталды.
Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 200-бабы 1-бөлігі “Айдап кету” бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Semeynews.kz