Абай облысыҚоғамОқиғаТОП

Абай облысында жасөспірім қыз суға батып кетті

Абай облысы Бесқарағай ауданында Ертіс өзеніне жасөспірім қыз батып кетті, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Абай облысы ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінің хабарлауынша, қайғылы оқиға 5 маусым күні Бескарағай ауданындағы Стеклянка ауылында болған.

«Құтқарушыларға Ертіс өзенінде жасөспірімнің суға батып кеткені туралы хабар түсті. Оқиға орнына құтқару бөлімшесінің қызметкерлері дереу шықты. Куәгерлердің айтуынша, 15 жастағы қыз өзеннің арнайы жабдықталмаған учаскесінде ересектердің қарауынсыз қалған. Шомылып жүрген ол кенет суға батып кеткен», – делінген ведомство мәліметінде.

Құтқарушылар 2 сағат бойы іздестіру шараларын жүргізді, қыздың денесін алып шықты.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button