Абай облысыҚоғамСемейТОП

Семейді дамытудың бас жоспары әзірленуде

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Семей қаласын дамытудың бас жоспары
әзірлене бастады. Бұл туралы аймақ басшысы Нұрлан Ұранхаев Орталық коммуникациялар қызметінің Абай атындағы облыстық әмбебап кітапханасында өткен көшпелі брифингісінде айтты, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Бас жоспар бойынша алғашқы жобалардың бірі – жалпы ауданы 72 га болатын қаланың сол жағалауындағы ескі тұрғын үйлерді салу және бұзу. Өткен жылдан бастап 54 тұрғын үйді қамтитын 35 ауланы абаттандыру бойынша жоспарлы жұмыс басталды.

Ағымдағы жылы тағы 70 аула аумағын, сондай-ақ 15 қоғамдық кеңістікті абаттандыру жоспарлануда. Олардың бірінде татар ақыны Мұса Жалелға бюст орнатуды жоспарлап отырмыз, сонымен бірге Қазан қаласында Абай Құнанбаевқа ескерткіш (бюст) орнату жоспарлануда.

Аспалы көпірдің астында алдағы күндері ойын алаңдары, демалыс және бұқаралық спорт алаңдары бар жаңа қоғамдық кеңістік ашылады. Өткен жылы оң жағалаудан осындай алаң ашылды. Сонымен қатар, көпірдің екінші жағында бағандар мен қабырғалар бояу, сыртқы жиһаздар орнату және қосымша түрлі-түсті жарықтандыру сияқты абаттандыру жұмыстары жүргізілуде.

Сонымен қатар облыс басшысының айтуынша, облысты дамытудың Кешенді жоспарына Семей қаласында қоқыс сұрыптау желісінорналастыру үшін құрылысы (ангары) бар жаңа заманауи қатты тұрмыстық қалдықтар полигонының құрылысы енгізілген. Инвесторлар есебінен жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеу жұмыстары басталды.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button