Абай облысыҚоғамСемейТОП

Абай облысында 290 шақырым жылу желілері қайта жөндеуді қажет етеді

Семей қаласының оң жағалауында жылу энергиясының тапшылығы 118 Гкал
құрайды. Облыс орталығындағы тұрғындар санының артуына орай көпқабатты үйлердің
белсенді түрде салынуы жағдайды қиындатып отыр. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің көшпелі брифингісінде аймақ басшысы айтып өтті, – деп хабарлайды Semeynews.kz. 

  • Абай облысындағы жылу желілерінің жалпы ұзындығы 455,2 км, олардың орташа тозуы 63,8%-ды құрайды. Желінің шамамен 290 шақырымы қайта жөндеуді қажет етеді, – деді Нұрлан Ұранхаев.

Жылу желілері Семейде – 68 пайызға, Курчатовта – 35, Жармада – 75, Бородулихада – 63, Аягөзде – 53, Үржарда – 30, Абай ауданында –25 пайызға тозған.

2023-2024 жылдары қаланы жылумен қамтамасыз ету мәселелерін шешу үшін өңірді дамытудың кешенді жоспарына жылу көздерін қайта жаңарту бойынша 11 жоба және желілерді жаңғырту бойынша 19 жоба енгізілген, оларды іске асыруға республикалық бюджеттен 150,4 млрд теңге (жылу көздерін жаңғыртуға 95,5 млрд теңге, жылу желілерін жаңғыртуға 54,9 млрд теңге) қажет.

  • Меморандумдар аясында 23 жобаның ЖСҚ әзірленуде, бұл 2,2 млрд теңге көлемінде бюджет қаражатын үнемдеуге мүмкіндік берді. Бұл жобалардың сметалық құны 105,5 млрд теңгені құрайды. Үкіметпен бірлесіп, жоғарыда аталған жобаларды жүзеге асыру үшін бюджеттен қаржы бөлу мәселесі пысықталуда, – деп түйіндеді өңір басшысы.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button