Абай облысыҚоғамҚұқықбұзушылықҚылмысСемейТОП

Семейде дүкен алдында әйел адамды тонап кеткен ер адам ұсталды

Семейлік полицейлермен дүкеннің алдында әйелді тонап кеткен ер адам ұсталды, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Облыстық ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, ағымдағы жылдың мамыр айының соңында Семей қ. ПБ Әуезов полиция бөліміне 38 жастағы қала тұрғыны «Жансая» дүкенінің алдында белгісіз ер адамның оның қолынан 11 000 теңге сомасында ақша қаражаты, жеке басының атына банк картасы салынған қара түсті әмиянды, қолынан жұлып қаша жөнелгені туралы айтты. Келтірілген залал сомасы 15 000 теңгені құрады.

Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде жедел уәкілдер күдікке ілінген 27 жастағы жұмыссыз ер адамды анықтады. Жауап алу кезінде күдікті кінәсін мойындап, ұрланған заттарды иесіне қайтарды.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 191- бабының 1 –бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button