Демалыс күндері Семейде екі адам құтқарылды

Демалыс күндері Семейде Ертіс өзенінен екі адам құтқарылды, олардың біреуі бала, – деп хабарлайды Semeynews.kz.
Абай облысы ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2023 жылғы 3 маусымда сағат 11:20-да 112 пультіне Мұрат саяжайынан кейін орналасқан Солнечная долина алқабында ер адам судан құтқарылды деген хабарлама келіп түсті.
Ақпарат жинау барысында, 1978 жылғы ер адам отбасымен Ертіс өзенінің жағалауында демалу кезінде өзенге батып бара жатқан адамды көріп, артынша дереу көмекке ұмтылып, судан шығарып алған. Содан кейін 1987 жылы туған ер адамға алғашқы медициналық көмек көрсеткен. Ер адам алкаголдік масаң күйде болған. Жедел медициналық жәрдем дәрігерлері зардап шеккен адамды тексергеннен кейін оны Семей қаласының полиция басқармасының қызметкерлеріне тапсырған.
Екінші оқиға дәл сол күні Шүлбі кентінде орын алған. № 6 өрт сөндіру бөлімінің қызметкері азаматтық қорғау кіші сержанты Алтынбек Әлімжанов «Жанай» демалыс базасында беседкалардың жанынан өтіп бара жатып, бойын үрей билеп, қолын бұлғап суға тұншығып батып бара жатқан баланы байқаған. Құтқарушы кідірместен кимімін шешпей судағы балаға көмекке ұмтылған. Баланы жағаға шығарып, оған дәрігерге келгенге дейін медициналық көмек көрсеткен. Медициналық қараудан кейін бала ата-анасына тапсырылды. Баланың жағдайы қанағаттанарлық.
Semeynews.kz